«ЭКСПО-2017» оқушының көзімен

«ЭКСПО-2017» оқушының көзімен

Newsroom.kz ақпарат агенттігінің редакциясына алыс ауылдың оқушысынан хат келіп түсті. Биыл 11 сыныпты тәмәмдағалы отырған түлек, жаз айында Астана қаласында өткен көрме жұмысын тамашалап, өз әсерімен бөліскен екен, жарияламай қоюды жөн санамадық. Сондықтан, құрметті оқырман қалған бағаны өздеріңіз бере жатарсыздар?!

Менің есімім Жақсылық Айбек Әскербекұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Тұрақты ауылында туып өстім. Балалық шағымда Астанаға баруды армандайтынмын, сол арманым осы жылы, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келді де, осы жылдың шілде айында еліміздің бас қаласы Астанада өткен атаулы шараны көзіммен көріп қайттым. Көрмеден алған әсерім өте зор, мені бәрінен бұрын қуантқан жағдай Экспо көрмесінің Қазақстанда өткендігі, бұл біздің ортақ мақтанышымыз. Осы көрме арқылы болашақта сарқылатын энергия көздерін баламалы энергия көздеріне айналдыру. Бұл дегеніміз жаңаша ойлар мен көзғарас қалыптастыру. «ЭКСПО-2017» көрмесінде әр ұлт өкілдері өздерінің экспонаттарын көрсетіп таныстырды, ондағы әрбір теxнология бір мақсатқа негізделіп, болашақта болатын құбылыстарды сипаттады.

Ал Экспо көрмесінің символы, кешеннің орталық элементі – «Нұр Әлем» сферасы. Ғимаратта бірінші қабатында Қазақстан павильоны орналасқан. Мұнда келушілер елдің тариxы, дәстүрі, мәдениеті сондай-ақ жетістіктері көрсетілді.Осы арқылы өзге елден келген туристер Қазақстан xалқының қонақжайлылығына куә болды. Сонымен қатар біздің елдің өнертапқыштары күн мен желді пайдалана отырып, энергия өндірудің жаңаша жолдырын ойлап тапты. Ал, «ЭКСПО-2017» біздің болашағымыздың айқын көрінісі іспеттес ретінде мені ауылға шығарып салды.

 Айбек ЖАҚСЫЛЫҚ,

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Тұрақты ауылы

 

Comments (0)