Шымкентте "доллар-кәуап" пайда болды

Шымкентте

Дәмі тіл үйіретін әрі бағасы да қолжетімді кәуаптың отаны саналатын шырайлы шаһарлықтар енді доллар іспеттес кәуап әзірлей бастады деп хабарлайды NUR.KZ

Қашан да елді таң қалдырудан шаршамайтын шымкенттіктер бұл жолы тағы да көптің таңданысын тудырды.

Желіде тараған видеодан тартқыштан өткізілген еттен әзірленген кәуап екі таяқшаға қоса кіргізілгенін байқауға болады. Бұл тура АҚШ валютасын еске салады.

Айта кетерлігі, бұған дейін нанның ішіне салынған палау, сүйегімен қоса желінетін қуырдақ тағамын да дәл осы шымкенттіктер алғашқылардың бірі болып көпшілікке ұсынған болатын.

 

 

 

 

Comments (0)