Ақтауда көше жарықтары күн энергиясымен жұмыс істейді

Ақтауда көше жарықтары күн энергиясымен жұмыс істейді

 

 

 

Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚХР «Huaming Guangdong smartled co LTD» компаниясымен бірлескен ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумның аясында облыс әкімдігінде «Source Energy» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және компанияның өкілдері, «Source Invest Company» мен «Source Energy» ЖШС Бақылаушылар Кеңесінің Төрағасы Оралбек Ботбай, «Source Energy» ЖШС Бас директоры Рүстем Бектрұмов, «Source Invest Company»  Бас директоры Каныш Алтаев, энергия көздері бойынша Азия елдерінің менеджері Гүлмира Жүсіпова және «Source Energy» ЖШС Ақтау қаласындағы өкілі Қайрат Өтепов қатысты.

Қытайлық компания жаңартылатын энергия көздеріне негізделген жаңа LED модульдермен Ақтаудағы көше жарықтандыру желісін ауыстыру бойынша жобаны қолға алып отыр.

Осыған орай, Ақтау қаласындағы 15 шағынауданында пилоттық жоба аясында заманауи жарықдиодты шамдар қолданылатын инвестициялық жоба іске қосылды.

Жаңа қондырғы қала үшін қаражатты 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және қалалық бюджеттен қосымша шығынды талап етпейді.

Инвестициялық қорларды қайтару ағымдағы бюджет шеңберінде электр энергиясын үнемдеуден түсетін болады.

 

 

 

 

Comments (0)