Кірпік жабыстырушы 600 мың табады: Белгілі блогер дәрігерлер жалақысының аздығына күйінді

Кірпік жабыстырушы 600 мың табады: Белгілі блогер дәрігерлер жалақысының аздығына күйінді

Дәрігерлер мен кірпік жабыстырушы мамандардың, такси жүргізушілерінің жалақыларын салыстырып көрген белгілі блогер таңғалысын жасырмады. Айтуынша, қарапайым дәрігерлерге қарағанда кірпік жабыстырушы маман 10 есеге көп пайда табады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Танымал блогер Аида Джексон еліміздегі ақ халаттылар мен кірпік жабыстырушы, такси жүргізушілерінің жалақысын салыстырып, дәрігерлердің еңбекақысы не себепті төмен екенін зерттеп көрген. 

Блогердің айтуынша,Гиппократ антын қабылдаушылардың жалақысын жақын арада көбейтпесе, аталмыш саладағы жағдай ушыға түсуі әбден мүмкін.
"Дәрігер 6 жыл білім алады. Ақылы түрде оқыса, жыл сайын шамамен – 770 мың теңге көлемінде қаражат төлейді екен. Ал еңбекақысы бар-жоғы 65 мың теңге", -дейді.

Сол сияқты ол лэшмэйкер (авт. кірпік жабыстырушы) мен такси жүргізушісінің еңбекақысын сөз еткен.

"Кірпік жабыстырушы – бар-жоғы үш күн оқиды, бір курстың ақысы орта есеппен – 50 мың теңге. Ай сайынғы табысы – 600 мың теңге. Такси жүргізушілері де дәл солай. Бір айлық курс үшін – 25 мың төлейді де, ай сайын 150-250 мың теңге көлеміндегі табыс табады... Қысқаша айтқанда, қазіргі нарықтың жағдайы былай болып тұр ғой: біз сауатсыз әрі надан дәрігердің кесірінен көз жұмуымыз мүмкін. Есесіне кірпігіміз керемет әрі әдемі күйде о дүниеге аттанамыз және бізді жерлеуге апаратын такси жүргізушісі де табылады. Несі айып? Бағасы да арзан әрі тез жеткізеді", - деген жазба қалдырған блогер.

Желіде аталған жазба қызу талқыға түскен. Желі қолданушылары аталған тізімге еліміздегі футбол ойыншыларын да қосқан.

"Футболдан айтарлықтай жетістік жоқ болса да, ойыншыларының жағдайы "керемет", айына миллиондап қаржы табады", - деген олар.

 

Сiлтеме: https://kaz.nur.kz/https://kaz.nur.kz/

Comments (0)