Алматы түбінде ұшақ құлады

Алматы түбінде ұшақ құлады

Алматы маңында ұшақ құлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  «Алдына ала мәлімет бойынша, бүгін сағат 09.53-те оқу-жаттығу тапсырмасын орындау кезінде «Технам 2002» әуе кемесі Азем аэродромынан екі шақырым жерде құлады. Екі адам қаза тапты. Олардың бірі – курсант, екіншісі нұсқаушы. Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясына тиесілі», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті. Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні Алматы облысында ЯК12 ұшағы құлап, екі адам қаза тапқан болатын.

 

 

Сiлтеме: baq.kz

Comments (0)