“Дос-Мұқасан” тобының әншісі институт басшысы болып тағайындалды

“Дос-Мұқасан” тобының әншісі институт басшысы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, сейсмология институтының басшысы қызметіне Досым Сүлеев тағайындалды. Бұған дейін институт басшысы болған Анвар Боранбаев 12 ақпан күні қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы институттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Досым Сүлеев жаңа қызметіне 24 ақпаннан бастап кіріспек.

Айта кетейік, Досым Сүлеев 50 жылдық тарихы бар әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаған. Ол 1947 жылдың 7 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық инстутының автоматика және есептеу техникасы факультетін тәмамдаған. Қазақ еліне әйгілі ансамбльді студенттік шағында құрған.

Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң техникалық кибернетика кафедрасының инженері қызметін атқарған. Ал 1974 жылы Мәскеудегі болат және қорытпа институтының аспирантурасына оқуға жіберілген. 1978 жылдан бастап ұстаз, Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты партком хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

1986 жылдың сәуірінен – Алматыдағы энергетикалық институттың оқу ісі бойынша проректоры, ал 2008 жылдан бастап Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті ректоры қызметін атқарып келді.

Comments (0)