Жаңа заманның
жаңаша порталы

Қарағандыда облыс әкімі аппараты жетекшісінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағандыда облыс әкімі аппараты жетекшісінің жаңа орынбасары тағайындалды

 

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымына осыған дейін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеген Болат Байкенов тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов аппараттық жиналыста команданың жаңа мүшесін таныстырды. «Болат Бақытжанұлы Байкенов облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалды», - деді Ерлан Қошанов. Бұл лауазымда ол корреспонденцияны бақылау, заңдық сүйемелдеу мәселелеріне жетекшілік етеді. 36 жасар Б.Байкеновтің екі жоғарғы білімі бар. Орталық-Азия Университетін, Қарағанды экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика және бизнес бакалавры. Мемлекеттік қызметте 2010-шы жылдан бері жұмыс істеп келеді. ҚР Президентінің Іс басқармасында қызмет еткен. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы болған. 2013-ші жылдың қыркүйегінен бастап осы күнге дейін ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде кеңесші, заң бөлімінің сектор меңгерушісі, секретариаттың бас инспекторы қызметтерін атқарған.

 

 

 

Comments (0)