Жаңа заманның
жаңаша порталы

Қазақстанда терроризмге қарсы акция басталды

Қазақстанда терроризмге қарсы акция басталды

Қазақстанның бас қаласында терроризм, экстремизм және радикализмнің барлық көріністері мен түрлеріне қоғамның «нөлдік» төзімділік сезімін қалыптастыруға бағытталған жоба жүзеге асуда. Жоба #noextremism, #noterrorism хештегтерімен сүйемелденуде.

Бұл бастама барлық қазақстандықтарды радикализмнің кез келген көрінісіне қарсы идеологиялық майданға біріктіруді және ел ішіндегі бейбітшілік пен келісім әрқайсысымызға тыныштықта өмір сүру үшін қажет екендігіне назарын аудартуды көздейді. Қатысушылардың пікірі бойынша, жоба біздің еліміздің бітімгершілік ұстанымын көрсетеді, нәсілдік, ұлттық, діни қажеттіліктерге қарамастан әрбірінің мүдделерін қорғайды және бұл жоба тек Қазақстанды ғана емес, күллі әлемді қамтуы тиіс.

Жобаның тақырыбы алғаш рет Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің «Астана» командасының ойынында талқыланған болатын. Елордалық команданың жұлдыздары «Астана-Арена» алаңының үлкен LED экрандарында қазіргі әлемге қауіп төндіріп тұрған – терроризм мен экстремизм мәселесі жайлы роликте сөз қозғады.

«Noterrorism», «Noextremism» жобасын бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бақтияр Артаев, сонымен қатар Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Данияр Есин қолдады. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кезекті ойынның жаттығуы кезінде кездесу өткізіп, жобаның әлеуметтік маңызы жайлы талқылады.

Сiлтеме: Naryk.kz

Comments (0)