Бәйдібек ауданында тартылған инвестиция көлемі 22 млрд теңгеден асты

Бәйдібек ауданында тартылған инвестиция көлемі 22 млрд теңгеден асты

Биылғы жылдың 8 айында Бәйдібек ауданының инвестиция көлемі 22 млрд 427 млн 100 мың теңгені құрады. Ал, өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1 млрд. 824 млн. 300 мың теңгеге жетіп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мәлім етті.

Аудан басшысының айтуынша, биыл өңірде  ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 9 млрд.  936 млн. 200 мың теңгені құрапты.

«2017-2019 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенінің дамыту бағдарламасына аясында ауданда егістік жердің 88,9 мың гектары игерілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл егістік жердің көлемі 135 пайызға яғни 23,1 мың гектарға артық иегірілді. Тамшылатып суғару тәсілін 150 га енгізу жоспарланса 2017 жылдың 8 айында 164  га енгізіліп, жоспар 109,3 пайызға артығымен орындалды», - деді Бақытбек Төленұлы.

Бұдан бөлек, ауданда 19 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Бүгінгі таңға Боралдай ауылдық округіндегі «Үлкен бұлақ», Бөген ауылдық округіндегі «Байтах», Алғабас ауылдық округіндегі «Арыстанды KZ» ауыл шаруашылығы кооперативтері несие алуға құжаттарын өткізіп, қаржыландырылуда.

2017 жылдың 8 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында  «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 53 азаматқа 175 млн теңге несие берілген.  Несие алған азаматтар 44 адамды тұрақты  жұмыс орнымен қамтып отыр.

 

 

 

Comments (0)