Дархан Мыңбай депутат болып тіркелді

Дархан Мыңбай депутат болып тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Қамзабекұлы Мыңбайды депутат ретінде тіркелді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚР ОСК сайтына сілтеме жасап.

2018 жылғы 13 ақпанда «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Д. Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Comments (0)