Елімізде ақысыз жұмыс істейтіндер саны 940 мың адам.

Елімізде ақысыз жұмыс істейтіндер саны 940 мың адам.

Елімізде ресми ақысыз жұмыс істейтіндер саны 940 мың адам. Яғни, осыншама адам жалақысын конвертпен алып келген. Бұл туралы ведоство вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.  Жақыпованың айтуынша, елімізде 940 мың адам бүгінде ресми жалақы алмайды, яғни еш жерде тіркелмей еңбек етіп жүргендер.

"Ресми жалақысыз жұмыс істейтіндер саны – 940 мың адам. Яғни, осыншама адам жалақысын конвертпен алады, тиісінше бұл азаматтар алған жалақысынан бюджетке міндетті төлемдер төлемейді, зейнетақы жарнасын аудармайды, әлеуметтік сақтандыруға да аударым жасамайды. Қазір осы 940 мың адаммен қаржы министрлігі айналысып жатыр”, — деді С.Жақыпова.

Сондай-ақ вице-министр статусы белгісіз 3,2 млн адамның кімдер екеніне тоқталды.

“504 мың адам – басқа өңірге немесе шетелге кеткендер, 363 мың адам – нақты басқа елге кеткендер болып белгіленді. Қазір олармен ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. 123 мыңы студенттер болып айқындалғанмен, білім және ғылым министрлігінің мәліметтер базасында олар студент ретінде көрсетілмеген. Туысқандары мен көршілерінен сұрау арқылы 17,5 мың адамның қайтыс болғаны анықталды”, — деді вице-министр.

 «Бұдан бөлек, 178 мың адам өздерін жеке кәсіпкер деп таныстырған. Алайда олардың барлығы тиісті мемлекеттік органдарда тіркелмеген болып шықты. Сонда олар кәсіпкерлікпен айналысса да, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер сияқты бюджетке ешқандай салық төлемейді, зейнетақы мен әлеуметтік қорға ақша аудармайды. Демек, Қазақстанда барлығы 1 млн-нан астам адам өз кәсібін заңдастыруы қажет», - деп атап көрсетті министрдің орынбасары.

Comments (0)