Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

 

 

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов 1965 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Таушық кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Мамандығы автоматизация бойынша инженер. 2010 жылы Оксфорд қаласындағы Embassy CES Oxford-ты бітірген. 2015 жылы «Алматы менеджмент Университетін» іскерлік басқару магистрі мамагдығы бойынша тамамдады.  Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  Еңбек қызметін 1989 жылы Ақтау қаласындағы Пластикалық масса зауытының учаскесінде бақылау-өлшеу жабдықтарының шебері болып бастады;

  1994-1995 ж.ж. – Шетпе Мұнайбазасында оператор болып жұмыс істеген.

  1995-1996 ж.ж. – «Көгез» шағын кәсіпорында технолог қызметін атқарған.

  1997-2005 ж.ж. – жеке кәсіпкер болды.

   2005-2010 ж.ж.– «Мантеком» ЖШС-нің директоры лауазымында қызмет етті.

   2011-2016 ж.ж. 4-інші және 5-інші сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

  2016 жылдан осы уақытқа дейін – Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болды. 

 

 

 

Сiлтеме: mangystau.gov.kz

Comments (1)

  1. Гость 29 august 2017, 09:44 # 0
    Qutti bolsun