Жаңа заманның
жаңаша порталы

Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың  6 қазандағы бұйрығы бойынша, әділет кеңесшісі  Ержан Сисенбайұлы ТұрмағамбетовМаңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Құқық қорғау қызметтері орталығының фейсбуктағы парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі.

Осыған дейін Тұрмағамбетов Е.С. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында Бас прокурордың көмекшісі болып жұмыс атқарды.
Тұрмағамбетов Е.С. 1974 жылы Атырау облысында дүниеге келген. «Юриспруденция» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Көп жылдары ол Атырау облысы, Астана қаласы прокуратураларында, сондай-ақ Бас прокуратурада басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

 

 

 

Comments (0)