Ресей Қазақстанға "Сладкое" көлінің жартысын бере салды

Ресей Қазақстанға

Ресейдің Новосибирск облысының аудан орталығы Купинодан 20 шақырымда орналасқан "Сладкое" көлі Қазақстан иелігіне өтті. Бұл туралы NUR.KZпорталы НГС.НОВОСТИ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Көлдің жартысы онсыз да Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл көл балықсыз, тек табиғат көркі. Экономикалық салаға еш әсері жоқ. Ал Горькое көлінің жөні бөлек. Оның емдік қасиеті бар. Сладкое болса, жартылай көл, жартылай батпақ. Еш пайдасы жоқ", - дейді Купинское ауданы әкімшілігінің басшысы Владимир Шубников.

Дегенмен көлге жергілікті халық демалуға келгенді ұнататын көрінеді.

"Екі ел шекарасын бөлу жұмыстарынан кейін Сладкое көлі толықтай Қазақстан аймағына өтті. Кедендік жүйенің бұзылуын алдын алу мақсатында жергілікті халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз", - делінген әкімшілік хабарламасында.

Айта кетерлігі шекараны бөлу жұмыстары оныншы сәуір күні аяқталған.

 

Comments (0)