Ш.Есенов атындағы университетке жаңа ректор тағайындалды

Ш.Есенов атындағы университетке жаңа ректор тағайындалды

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік теxнологиялар және инжиниринг университетіне жаңа ректор тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты xатшысы Арын Орсариев, Шаxмардан Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік теxнологиялар және инжиниринг университетіне жаңа ректор Берік Ахметовті таныстырды. 

Берік Бақытжанұлы техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 

  • 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер мамандығын, 2009 жылы аспирантурасын бітірді.
  • 2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, механика-математика факультетінің ақпарттық жүйелер кафедрасының оқытушы, аға оқытушы және доцент қ.а. болып жұмыс істеді.
  • 2010-2011 жж. University of Pierre Mendes (Франция), Alecante university (Испания) университеттерінде тағылымдамадан өткен.
  • 2011-2012 жж. Carl von Ossietzky universitat Oldenburg (Германия) университетінің постдокторантура бағдарламасын бітірген.
  • 2011-2013 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үдерісі бөлім бастығы және оқу-әдістемелік басқарма бастығы болып жұмыс істеді.
  • Бір оқулық және 20-дан астам ғылыми басылымдарында жарияланған мақалалары бар, соның ішінде 1 Thomson Reuters индекстелетін басылымдарында.
  • 2010-2012 жж. талантты жас ғалым ұлттық стипендиясының иегері.
  • 2013 жылғы 21 тамызда Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті президентінің жарлығымен оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице президенті лауазымдарын атқарған.

 

 

 

 

Comments (0)