Қайрат Нұртас жылдар бойы жасырған жұбайын таныстырды

Қайрат Нұртас жылдар бойы жасырған жұбайын таныстырды

Бүгін Қайрат Нұртас жылдар бойы жасырған жұбайы Жұлдыз Əбдікəрімованы ресми түрде елге таныстырып, алғаш рет ел алдына бірге шықты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Нұртас пен əйелінің көп күттірген кино көрсетіліміне қала əкімі Бауыржан Бəйбектің өзі келді. Көрсетілімге əнші мен Жұлдыз асыл тастардан тігілген костюм киіп келді. Олардың қуанышына қала əкімі, отандық шоу бизнестегі барлық дерлік жұлдыздар қатысты. Мейрамбек Беспаев, Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсынғалимен, Мəдина Сəдуақасова  және тағы да басқа  жұлдыздар келді. Баспасөз конференциясы кезінде сөз алған Қайраттың жұбайы өзінің осы күнге дейін қандай күйде болғанын айтты. "Мен Қайратқа  əулетке келін болу үшін, ана болу үшін тұрмысқа шықтым. Қайраттың соңынан жүру үшін емес",- деді Жұлдыз баспасөз мәслихатында. 

Сiлтеме: nur.kz

Comments (0)