Айжан Байзақова: Қазақстанның жақсы да, тиісінше жаман да жерлері бар

Айжан Байзақова:  Қазақстанның жақсы да, тиісінше жаман да жерлері бар

 Ұятты бір бұрышқа ысырып қойған атышулы блогер Айжан Байзақова бұл жолы да журналиске қысылып-қымтылырмай сұқбат берді. Тіпті, төсі мен ернін операциямен үлкейткенін де мойындады.

Байзақова бұған дейінгі сұхбатында тек төсімді ғана өзгерттім десе, бұл жолы ернінің де өзінікі емес екенін мойындады.

– Иә, рас, енді мұрнымды түзеткім келеді. Өте дәу. Сосын тісімді де, – деді ол.

Қазақ «қызды қырық үйден тыю» деген. Бірақ, Байзақованың ата-анасы қыздарының бейәдеп қылықтарына көздері үйреніп кетсе керек, «ләм» деп ауыз ашпайтын көрінеді.

– Instagram-дағы ашық-шашық сурерттер алғаш жариялана бастағанда олардан таяқ жегенім рас. Бірақ кейін олар менің әрекетімнің дұрыс екенін түсінген болар. Қазір сөкпейді мені, – деп ол өзіне дәл қазір «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» екенін меңзеді.

Десе де, бойжеткенді қазақ жігіттері тәрбиелеуге көшкен сияқты.

– Иә. Мың, миллион рет есігімнің алдына келіп мені ұрмақшы болған. Бір кездері ұрды да, «сен біздің намысымызда таптап жүрсің» деп. Мен ол сәттерде есіме алғым келмейді, – деп аздап қорқатынын да жеткізді.

Жасыратыны жоқ, әлімсақтан қыз баласының әурет жерлерін көпшілік арасында ашып жүруі, темекі мен ішімдікті жасырмай ел алдында қолдануы қазақ халқына жат қылық. Мүмкін Байзақова бұл қоғамнан шаршап шетелге көшуді де ойлап жүрген болар? Жоқ. Блогердің әзірге мұндай жоспары болмай шықты.

– Қазақстанның жақсы да, тиісінше жаман да жерлері бар. Бәлкім 100 пайыз көңілім қалған кезде еш ойланбастан қолды бір сілтеп кетіп қалармын, – деп жақын арада шетел аспайтынын айтты ол.

Еске салайық, өткен жылдың 17 желтоқсанында Айжан Байзақова басқаратын Алматыдағы «Zakova» түнгі клубы 50 мың теңгеге қыз шешіндіргені үшін көпшіліктің сынына ұшыраған болатын.

Дереккөзі: sn.kz

 

 

 

 

Comments (0)