Баян Мақсатқызы ”КешYou” тобының экс-солисін БАҚ-қа сұхбат беруге шақырды

Баян Мақсатқызы ”КешYou” тобының экс-солисін БАҚ-қа сұхбат беруге шақырды

Баян Мақсатқызы ”КешYou” тобының экс-солисі  Мөлдір Әуелбекованы БАҚ-қа бірге сұхбат беруге шақырды. Ол туралы Баян Алагөзова Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

"Мөлдіржан, қызым-ау, мұны шын айтып отырсың ба? Керемет қиялшыл екенсің ғой, дарындым менің. Әсіресе өзіңнің талаптарың мен қайта оралғаның және басқа жайлы айтыпсың. Осылай да "әдемі ән айтуға" болады екен, мүмкін бірге сұхбат берерміз? шын мәнінде қалай болғанын көзіме тіке қарап айтарсың? Ал, Мөлдіржан, өзім ұйымдастырамын, қай БАҚ-пен келісейін? Уәде беремін, бәрі ойдағыдай болады. Сонда мына БАҚ-қа сілтеп жіберіп, жарияланғандарынның бәрі өтірік болып шығады деп үміттенемін", – деді продюсер.

Айтып өтер болсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Мөлдір Әуелбекова отандық сайттардың біріне Баян Мақсатқызы продюсерлік ететін  "Кешью" тобының бұрын-соңды ел естімеген құпияларын жайып салды. Әншінің сөзіне сенсек, «Кешью» құрылғанда Баян мен Бағым қыздарды ашық киіндіріп, ауқымды аудитория жинағысы келген. Бірақ Мөлдірдің қарсылығына төтеп бере алмаған Мұхитденовалар топ репертуарын өзгертіп, сахналық стилінде Әуелбекованың қалауымен қайта жасаған. Енді Мөлдір Әуелбекова өзі құрған "Nazar" тобында сол қателіктерді қайталамауға тырысатынын айтқан. Сондай-ақ әнші қыздар ұжымынан үш рет кетіп, үш рет келгенін де тілге тиек етті.

«Өйткені мен «Кешьюде» 6 жыл жұмыс жасадым. Мен топтан үш рет кеттім, үш рет мені қайта шақырды. Мен қайтып бардым. Оның барлығының қыр-сырын мен білдім. Әр түрлі жанрда да «Кешьюмен» біз ән айтып көрдік. Продюсердің талабы бойынша әр түрлі киімді де киіп көрдік. Маған сол жақта ұнамайтын қырларын алып тастап жатырмын. Қыздарды мен ашық-шашық киіндірмеймін. Біз сол өзіміздің қалауымызбен киінген жоқпыз», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

 

 

 

Comments (0)