Баян Мақсатқызы кеңсесіне түскен ұрыны іздестіруде

Баян Мақсатқызы кеңсесіне түскен ұрыны іздестіруде

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың кеңсесіне ұры түсіп, маңызды құжаттарды алып кеткен деп хабарлайды продюсердің Instagram парақшасына сілтеме жасап Newsroom.kz порталы. 

«Кеше түнде менің кеңсеме белгісіз ұрылар басып кіріпті. Белгілі болғандай олар барлық аппаратура, компьютер және костюмдерге тиіспеген. Олар папкада тұрған құжаттарды ғана ұрлаған. Жоқ, мен бұл мәселеге қатысты алаңдап отырған жоқпын. Себебі, мұны жасаған адамдар құжаттан ешқандай ілік таппайды. Аудиторларға босқа көп ақша төлеп, уақытыңызды шығындайсыз. Мен адал жұмыс істеймін! Сіздерді табу үшін барымды саламын! Бұл қылмысқа тапсырыс бергендер ерте ме, кеш пе жазаланады. Әрине, мұның кім екеніне болжамым да бар», - деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram парақшасына.

Comments (0)