Жұбаныш Жексенұлы кімге ренжіді?

Жұбаныш Жексенұлы кімге ренжіді?

 

 

 

Танымал қазақ әншісі Жұбаныш Жексенұлы өзінің өнердегі інісі Қайрат Нұртас деген ренішін жасыра алмады. Бұл туралы ол "Жұлдыз ТВ" телеарнасына берген сұқбатында айтты.

 Жұбаныштың айтуынша, ол Қайратқа ағалық ақылын айтып, әндерінің сөзін түзеуге бет бұруы керек екенін айтқан. Жөн сілтеген өнердегі ағасының сөзін дұрыс түсінбеген Қайрат оған аса құлақ аса қоймаған.

"Мысалы Қайрат Нұртасқа халықтың осындай махаббатын пайдаланып, әндеріңінің сөзін түзе дедім. Қадыр Мырзалиевтің, Ақұштап Бақтыгереваның сөзіне жаздыр. Күшті емес пе? Осылай ақылымды айттым. Ол ақылымды Қайрат тыңдады ма, тыңдамады ма, білмеймін", - дейді ол.

"...Одан кейін тағы бірдеңені айтып жүр. "Қарақалпақтан келген біреудің қаңсығы біреуге таңсық" деген сияқты бірдеңені айтты", - деген ол Қайрат оның ақылын дұрыс түсінбеген деп топшылады. 

"Сен неге өйтесің дедім. Осылай ақыл айтсаң олар көре алмайды деп ойлап, одан кейін сыртыңнан әңгіме айтып, жау қып жүреді. Енді сыртыңнан айтылған әңгіме болғасын естисің ғой бәрібір.

Сосын ана "Ауырмайды жүрек" деген әні бар ғой. Ол 100 пайыз хит болатын ән. Оны Қайрат Нұртас айтса да, басқа айтса да, кім айтса да хит болатын ән. Материалдың өзі сондай", - деп түйіндеді сөзін өнердегі інілеріне өкпелі Жұбаныш Жексенұлы.

 

 

 

Сiлтеме: https://www.youtube.com/channel/UCUlHYnrVhTU5-FgowDLnbKg

Comments (0)