Қазақстан азаматшасы Үндістанда қамалды

Қазақстан азаматшасы Үндістанда қамалды

Сәрсенбі күні Гоа полициясы 35 жастағы Қазақстан азаматшасын қамауға алды. Ол Үндістанда заңсыз тұрып келген деп айыпталуда. Бұл туралы NUR.KZпорталы Ani сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

35 жастағы Қазақстан азаматшасы Гоада виза алмай заңсыз екі жыл қатарынан тұрып келген деп күдіктелуде. Полиция қылмысты тіркеп, әйелді қамауға алды.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматшасының қамауға алынғанына қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

 

 

 

 

Comments (0)