Жаңа заманның
жаңаша порталы

ҚАЗАҚСТАН ТУМАСЫ ЖӘМИЛА СТЕХЛИКОВА ЧЕХИЯ ПАРЛАМЕНТІНЕ САЙЛАУҒА ТҮСУДЕ

ҚАЗАҚСТАН ТУМАСЫ ЖӘМИЛА СТЕХЛИКОВА ЧЕХИЯ ПАРЛАМЕНТІНЕ САЙЛАУҒА ТҮСУДЕ

 

Қазақстан тумасы Жәмила Стехликова Чехия парламентінің депутаттығына сайлауға түсуде, деп ҚазАқпарат, Жәмила Стехликованың Фейсбук парақшасына сілтейді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ол ең алғаш Еуропада министр лауазымына жеткен қазақ болатын.  «Саясаткерлерді жақтыра бермейді, алайда олар керек. Чех заңына сәйкес мен Чехия парламентіне LES (Либералдық экологиялық партия) және TOP09 партиясы атынан сайлауға қатысып жатқанымды ескертуге тиіспін. Менің парақшамда чех сайлаушылары болғандықтан мен олардың барлығын депутатқа үміткер мәлім еткенін және партия белгісі бар сурет қоса жарияланғандығын еске саламын. Сайлау науқаны ашық әрі жария түрде болуы тиіс. Суреттегі біздің командамыз, оң жақтан шеткі Карл Шварценберг, толық атын атасақ Карл Иоганн Непомук Йозеф Норберт Фридрих Антоний Вратислав Мена фон Шварценберг, ал сол жақтағы ең шеткі қызыл көйлектегі - менмін»,  - деп жазды Жәмила Стехликова. 

 

 

 

Сiлтеме: inform.kz

Comments (0)