Қытай медицина тарихында жаңалық ашты

Қытай медицина тарихында жаңалық ашты

Қытайда бес бірдей бала үш өлшемді үлгідегі тірі мүше ретінде жасушамен қабысатын құлақтарымен танысты. Танысты деп отырғанымыз, балалар құлақтарынан кем болып туған. Қытай медицинасы оларға жаңа құлақ салу операциясын сәтті аяқтап, бүкіл медицина тарихындағы жаңалық ашып отыр.  6-9 жас аралығындағы балалардың дені құлақтарының кем туу дертімен ауырған.

Аномалия саласы зерделей келіп, балалардың құлағын қалпына келтіруге болмаса да, оған сырттан тірі организм ретіндегі жаңа құлақты орналастыруға болатынын анықтады. Тігуші инженерлер мен пластикалық операция жасаушы хирург мамандар өз кезегінде бұл жаңалықтың тек балаларға емес, үлкендер арасындағы да дәл осындай дертпен күресуіне көмектесе алатынын алға тартты.  «Хирургиялық жолмен жасалған сапалы және жаңа әдіс арқылы келген шеміршек құлақ тіні медицина тәжірибесінде үлкен сілкініс жасады», – деп жазды ғалымдар өздерінің мақалаларында.  Ғалымдар алдымен хондроцит деп аталатын шеміршек жасушаларын жинады, содан кейін барып жасушаны орналастыру жұмысын жасады. Компьютерлік томография арқылы үш өлшемді құлақ үлгісін жасап, оның айналасына өсетін және организмге сіңісетін жасушаларды орналастырды. Нәтижесінде ғалымдар хирургиялық операция арқылы жаңа құлақты имплантациялады.  Жалпы жаңа органдарды өсіру технологиясы бұрыннан бар, тек бұл жолғысы өте сәтті және қателіксіз шықты. Ал құлақтың жаңа үлгісі осыдан 30 ай бұрын имплантацияланған.

Дереккөз: massaget.kz

Comments (0)