Әлемдегі ең бай әйел қайтыс болды

Әлемдегі ең бай әйел қайтыс болды

Суыт хабарды бейсенбі күні марқұмның қызы Франсуаза Беттанкур-Мейер хабарлады.

«Бүгін түнде Лилиан Беттанкур өз үйінде қайтыс болды. Тірі болғанда 21 қазанда 95 жасқа толар еді», — делінген Беттанкур-Мейердің мәлімдемесінде.
Айта кетсек, Лилиан Беттанкур 1922 жылы Парижде дүниеге келген. 1909 жылы әкесі негізін қалаған L’Oreal компаниясы қожайындарының бірі болды. Forbes журналы оны ұзақ жылдар бойы әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енгізіп келді. Соңғы деректерге сүйенсек, Беттанкурдың дәулеті 40 млрд долларға жуықтайды.

Лилиан Беттанкур қайырымдылықпен де жиі айналысқан. Fondation Bettencourt Schueller қорын құрып, медициналық, мәдени және гуманитарлық жобаларға қолдау көрсеткен.

Сiлтеме: https://kaz.365info.kz

Comments (0)