Алғашқы болып ашық космосқа сақтандырусыз шыққан астронавт дүниеден өтті

Алғашқы болып ашық космосқа сақтандырусыз шыққан астронавт дүниеден өтті

Адамзат тарихында алғашқы болып ашық космосқа  сақтандырусыз шыққан АҚШ астронавты Брюс Маккэндлесс 80 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды. АҚШ әскери теңіз күштерінде ұшқыш болған Брюс Маккэндлесс, кейін астронавтар қатарына өтеді. Ол ең ірі «Хаббл» ғарыш телескопын орнатуға қатысқан.  Брюс Маккэндлесс  1984 жылы ғарышқа жасаған алғашқы сапарында, НАСА арнайы дайындап  шығарған  MMU құрылғысын пайдаланды. Осы арқылы қазір астронавтар ашық космоста еркін қозғалады. Маккэндлесстің ғарыш кемесімен техникалық байланыссыз ашық космоста еркін қозғалу уақыты  6 сағатқа жуық. Сонымен қатар ол кемеден 90 метрге қашықтыққа дейін ұзаған. 



Сiлтеме: http://www.inform.kz/kz/algashky-bolyp-ashyk-kosmoska-saktandyrusyz-shykkan-astronavt-dunieden-otti_a3103524

Comments (0)