Жаңа заманның
жаңаша порталы

Атышулы модель Қырғызстандағы барлық гей мен лесбилерді жарып жіберуді ұсынды (фото)

Атышулы модель Қырғызстандағы барлық гей мен лесбилерді жарып жіберуді ұсынды (фото)

Атышулы модель Амина Юсурова Қырғызстандағы барлық гей мен лесбилерді жарып жіберуді ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанда Халықаралық сұлулық конгресінің ұлттық директоры болып қызмет ететін танымал модель Амина Юсурова дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы адамдарды жарып жіберуді ұсынды.

Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазған. "Өтініш, халайық! Барлық дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы адамдарды бір аралға жер аударып, сол жерде жарып жіберіңдерші! Олар Қырғыз республикасының тәуелсіз ел дәрежесіне кір келтіреді. Біздің шоу-бизнесте жұмыс істеген адамдар... Шоу-бизнесте жүргеніме 18 жыл болды... Мені қашан да пайдаланып, тіл тигізіп, мазақ ететін, тіпті тонайтын... Бұл аралға әлеуметтік жауапкершілігі төмен әйелдерді де жер аудару керек. Олардың бәрін сол жерде жинап, жарып жіберсе, керемет болар еді... Барлық жанжалдарды шығаратын солар... Бұл тек менің жеке ойым", - деп жазған Амина Юсурова. Қырғыз БАҚ-тарында тараған ақпаратқа сәйкес, Юсурова бұған дейін елден "барлық орыстарды қуып жіберу" туралы ұсынысымен жұртты шулатқан болатын.

Comments (0)