Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшты

Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшты

«Ауғанстаннан қайғылы хабар жетті. Бүгін таңертең 1978 жылы туған Қазақстан азаматы содырлардың Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне шабуылы салдарынан ажал құшты. Қаза болған азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды Фейсбуктегі парақшасына Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Ауғанстанның қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен үнемі байланысып отыр. «Жақын күндері мерт болған азаматтың денесін Отанына жеткізуді ұйымдастыру бойынша мәселелер шешілетін болады», – деп қосып өтті Жайнақов.

Бұған дейін хабарланғандай, қаруланған бір топ адам Ауғанстан астанасында орналасқан «Интерконтиненталь» қонақүйінде адамдарды тұтқынға алған болатын. БЕЛТА-ның жазуынша, қаруланған содырлар негізгі есіктен кіріп, ішке енген. Бұл уақытта ғимаратта үйлену тойы немесе өзге дереккөздерге сәйкес, конференция өтіп жатқан. Олар іс-шараға қатысушыларға қарсы оқ ашқан. Содырлардың арасында жанкешті-лаңкестер де болған. Оқиғаға куә болғандар үш жарылыс жасалғаны туралы хабарлады. Қаза болған және зардап шеккен 35 адам туралы айтылуда. Полицейлер қонақүйден адамдардың басым денін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Сiлтеме: http://stan.kz

Comments (0)