Жаңа заманның
жаңаша порталы

Дархан Қыдырәлі Венгрияның "Рыцарлық крест" орденімен марапатталды

Дархан Қыдырәлі Венгрияның

Бүгін Астанада Мажарстанның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәліге Мажарстан президентінің жарлығына сәйкес тағайындалған Мажарстанның "Рыцарлық крест" орденін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды newsroom.kz ақпарат агенттігі.

Марапаттау рәсімі Академияда Мажарстан елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған мажар этнографы, профессор Михай Хоппалдың зерттеуі бойынша «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме аясында болды.

Андраш Барани мырза Дархан Қыдырәліге мажар елінің президентінің құттықтау хатын оқып, "Рыцарлық крест" орданін табыс етті.

"Сіздің Түркі дүниесіне қосқан үлесіңіз үшін және мажарлар мәдениетіне сіңірген еңбегіңіз үшін сізді "Рыцарлық крест" орденімен марапаттаймын" - делінген президенттің құттықтау хатында.

Естеріңізге сала кетейік, Венгрияның ең жоғары мемлекеттік марапаты Дархан Қыдырәліге Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ танымал түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің құнды еңбегін сақтауға қосқан үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрінің ұсынуымен биылғы тамыз айында тағайындалған еді.

 

 

 

Comments (0)