Египеттің муфтийі биткоинге тыйым салды

Египеттің муфтийі биткоинге тыйым салды

Египеттің діни көшбасшысының айтуынша, криптовалютадағы сауда сөзсіз алаяқтық, алдау және надандықпен байланысты.

«Шариғатта биткоинге тыйым салынған. Өйткені олар жеке тұлғаларға, жеке топтар мен мекемелерге зиян келтіреді», – деп атап өтті Египет газеті «Al Ahram».

Естеріңізге сала кетейік, биткоинмен сауда айналысының алғашқы нүктесі Мысырда 2017 жылдың тамызында ашылған. Алайда желтоқсан айында билік органдары криптовалютаның заңнан тыс екенін мәлімдеді.

Бас мүфти Магди Ашордың кеңесшісі Egypt Today-ге берген сұхбатында биткоин тікелей террористерді қаржыландыру үшін қолданылғанын мәлімдеді.

Сiлтеме: https://7kun.kz/

Comments (0)