Израильден ежелгі адам қалдықтары табылды

Израильден ежелгі адам қалдықтары табылды

Халықаралық антрополог ғалымдар Израиль территориясынан ежелгі адамның (Homo sapiens) қалдықтарын тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru сайтына сілтеме жасап.

Ежелгі адамның жақ сүйектері мен тістері Кармель тауы ауданындағы Мислия үңгірінен табылды. Аталған қалдықтарды тапқан ғалымдар тобын Тель-Авив университетінің антропология және анатомия кафедрасының профессоры Исраэл Гершковиц басқарды.

«Жуырда Мислия үңгірінен табылған жақ сүйек пен тістер 177-194 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі. Яғни осы қалдықтардың арқасында Жерорта теңізінің шығыс маңы аймағында адамдар біз дәлелдегеннен 50 жыл бұрын өмір сүргенін болжауға болады», - деп жазылған құжатта.

Осы күнге дейін антропологтар Африкада табылған адамның қалдықтарының 160-200 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі екенін айтқан-ды. Ежелгі адамдар аталған аймақта жетіліп, 100 жыл бұрын басқа жерлерге көше бастады.

Comments (0)