Йеменнің бұрынғы президентін өлтіріп кетті

Йеменнің бұрынғы президентін өлтіріп кетті

Йеменнің бұрынғы президенті Али Абдуллах Салихты өлтіріп кетті, деп хабарлайды Анадолыға сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік бұл ақпаратты кезінде Али Абдуллах Салих өзі басқарған «Жалпы халықтық конгресс» (ЖХК) партиясына сілтеме жасап таратты.

«Ансаруллах» (хуситтер) қозғалысының көтерілісшілері Салихтың жасағын туған қаласы - Санханға (Санадан оңтүстікке қарай 40 шақырым) бара жатқан жолда тоқтатқан. Көтерілісшілер Салихты белгісіз бағытқа алып кетіп, өлтірген.

Айта кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері қарулы қақтығыс жалғасып келеді. Бұл қақтығысқа «Ансаруллах» шейіт қозғалысының көтерілісшілері, тақтан түсірілген Йеменнің президенті Али Абдуллах Салихтың жақтастары, сондай-ақ қазіргі президент Абдураббу Мансур Хадидің үкіметтік әскері қатысып жатыр. 

 

 

 

 

 

Comments (0)