Кемерово облысының шенеуніктері қызметтерінен қуыла бастады

Кемерово облысының шенеуніктері қызметтерінен қуыла бастады

Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметінен босатылды деп хабарлайды ТАСС сілтеме жасаған sn.kz.

Оның міндетін Кемерово басшысының бірінші орынбасары Ольга Турбаба атқаратын болады. 

"Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметінен кетті, оның орнына Ольга Турбаба келеді", - делінген ақпараттық агенттік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, облыстың Ішкі саясат департаментін басқарып келген Нина Лопатина да жылы креслосымен қош айтысыпты. Бұл лауазымға кімнің тағайындалатыны әлі белгісіз.

Еске салайық, 25 наурыз күні Кемерово қаласындағы ойын-спауық сауда орталығы өртеніп, салдарынан 64 адам қаза тапқан болатын. Олардың 41-і кішкентай балалар. Құтқарушылар әлі 10-нан астам адамның із-түссіз жоғалғандар қатарында екенін айтып отыр.

 

 

 

 

 

Comments (0)