Меккеде селфи жасауға тыйым салынды

Меккеде селфи жасауға тыйым салынды

Сауд Арабиясы королдігінің билігі Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде селфи жасауға, суретке түсіруге тыйым салынды деп жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған muslim.kz.

Атап көрсеткендей, бұл тыйым қасиетті мекенге келуші қажылармен қоса, тілшілер қауымына да қатысты болып тұр. Билік өкілдері аталмыш тыйым мұсылмандардың киелісін сақтап және қорғау мақсатында енгізіліп отыр дейді.

Сондай-ақ, олар осы арқылы қажылардың діни рәсімдерді неғұрлым тақуалықпен орындауына септігі тиеді деп сенеді.

Тыйымды бұзғандардың техникалық құралдары тәркіленіп алынатыны белгілі болды. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларға қарсы заңды шара қолданылмақ. Алайда, нақты қандай шара қолданылатыны айтылмаған.

Comments (0)