Моңғолияда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай брифинг өтті

Моңғолияда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай брифинг өтті

28 қарашада Ұлан-Батырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күні мерекелері аясында Қазақстан Елшілігі брифинг ұйымдастырды деп хабарлайды Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. Шараға жергілікті БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, білім саласының және қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

Фото Embassy of Kazakhstan in Mongolia.

Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде ҚР Моңғолиядағы Уақытша және сенімді өкілі Жүсіп Орынбай Қазақстандағы саяси, экономикалық реформалар және елдегі «Рухани жаңғыру» үдерістері, сондай-ақ Қазақстанның дамуындағы Президент Н.Назарбаевтың рөлі туралы мәлімет берді. Сонымен қатар шара аясында бірқатар спорт саласында еңбек етіп жүрген қазақ диаспорасы өкілдеріне ҚР Мәдениет және спорт Министрі А.Мұхамедиұлының алғыс хаттары табыс етілді.

Фото Embassy of Kazakhstan in Mongolia.

 

Атап айтқанда, 1964 жылғы Токио олимпиадасына қатысушы жеңіл атлет, «желаяқ» Алданыш Рамазанқызына, 2017 Моңғолияның ұлттық күресінен «Начин (қаршыға)» мәртебесіне ие болған Серік Бердімұратұлына және Таэквондодан ITF версиясы бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы Сейітхан Кенесарыұлына аталған марапаттар табыс етілді. Өз кезегінде білім саласындағы ерен еңбегі үшін Барун Ардаққызы, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін Майрагүл Хавдалғазқызы, Ұлан-Батырдағы «Жерлестер» алқасының төрағасы Тлеухан Нәжікейұлы Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Ешісі Қалыбек Қобландиннің алғыс хатына ие болды.

 

 

 

 

Comments (0)