Оқушылармен төсектес болған мұғалімге млн төлетпек

Оқушылармен төсектес болған мұғалімге млн төлетпек

АҚШ-та оқушыларымен жыныстық қатынасқа түскен Николь Дюфо есімді педагог істі болды. Ата-аналар одан 1 миллион доллар көлемінде өтемақы талап етуде деп жазады Daily Mail.

Тергеу барысында анықталғандай, 38 жастағы әйел осыдан үш жыл бұрын алты бірдей оқушыны азғырып, олармен төсектес болған. Жеткіншектердің барлығы 14-15 жас аралығында.

Мұғалімнің үстінен 4 баланың ата-анасы арыз түсіріп, ол үш бап бойынша айыпталып жатыр.Сонда-ақ, екі ата-ана одан 1 миллион доллар өндіріп алмақшы. Олар адвокатқа кеткен шығынды да өтеуін талап етуде.

Тергеушілер Дюфоның бар кінәсі дәлелденгенін алға тартуда. Айтуларынша, балаларға жазған СМС-хаттары да сақталған. Сонымен қатар, жәбірленген оқушылардың сөздері де бір жерден шығып отыр екен.

Дюфоның қорғаушысы мүлдем өзге деректерді мәлімдеді. Айтуынша, мұғалімді балалардың өздері жыныстық қатынасқа итермелепті. Педагогтың миы шайқалып, денсаулығында ақауы бар екен. Балалар соны пайдаланған көрінеді.

Ал, жәбірленді деп отқан 6 бала да тәртібі қиын оқушылар қатарында. Сондықтан адвокат соттан Николь Дюфоны ақтауын сұрап отыр.

 

 

 

 

Comments (0)