Сахара шөліне тағы да қар жауды

Сахара шөліне тағы да қар жауды

Сахара шөліне екінші жыл қатарынан қар жауды, деп жазады ТАСС-қа сілтеме жасаған ҚазАқпарат. Сахарадағы қар жексенбі күні таңертеңнен бастап Алжирдің солтүстігіндегі Айн-Сефра қаласында жауа бастаған. Қардың қалыңдығы 40 см дейін жетті. Кешке қарай қар еріп кетті, деп хабарлайды жергілікті «ТСА» газеті. Соңғы 37 жылда шөл далада 4 мәрте қар жауыпты. Оның ең соңғысы 2017 жылы тіркелген.

 

 

 

Comments (0)