Жатақханада босанған 19 жастағы студент нәрестесін терезеден лақтырып жіберген

Жатақханада босанған 19 жастағы студент нәрестесін терезеден лақтырып жіберген

Қытайдағы Шэньчжэн инженерлік колледжінің 19 жастағы студенті жаңа туған нәрестесін бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көрпеге оралған нәрестенің жансыз денесін жатақхана күзетшісі табады. Ол бірден полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. Оқытушылар болса, студент қыздың бірде бір рет сабақтан қалмағанын және дәрігерлерге бармағанын алға тартуда. Бойжеткеннің жүкті екенін ешкім білмеген. Себебі толықтау келген студент жүкті екенін шебер жасырып келіпті. 

Бүгінде студент қыз емханада жатыр. Полиция нәрестенің терезеден лақтырылғанға дейін тірі болған-болмағанын анықтауға тырысуда

 

 

 

Comments (0)