Жерорта теңізінде 30-дан астам босқынды акулалар жеп қойған

Жерорта теңізінде 30-дан астам босқынды акулалар жеп қойған

Жерорта теңізін жүзіп өтпек болған босқындар акула шабуылына ұшырап, 31 адам мерт болған, тағы 40-тан астамы із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Ливия әскери-теңіз күштерінің мәліметтеріне сүйенген Белта.

Италия жағалауларын бетке алып, Сомали, Нигерия, Гана және Эфиопиядан 200-ге жуық адам екі резеңке қайықпен сапарға шығады. 

Суда қайықтардың бірі зақымданып, суға бата бастайды. Сол кезде оларға тұтқиылдан акулалар шабуылдайды.

Оқиға орнына келген Ливия жағалау күзеті ондаған адамның денесін және олардың қасында ерсілі-қарсылы жүзіп жүрген акулаларды көреді. Құтқарушылар бес сағат бойы қайық апатқа ұшыраған аумақта іздестіру жұмыстарын жүргізді, алайда із-түзсіз жоғалған ондаған босқынды табудың мүмкіндігі болмады.

Құтқарылғандардың басым көпшілігі екінші қайықтың жолаушылары болды. Олар Ливия астанасы Триполиге жеткізілді.

 

 

 

Comments (0)