Атышулы блогер қазақша сөйлемеген роботқа тиісті

01 Қазан, 2018 1087 0

Атышулы Оғыз Доған ЭКСПО аумағындағы музейде қазақша сөйлемегені үшін роботқа тиісті. Блогер музей аумағындағы "Нұр Әлем" павильонында электрондық гидпен қазақша сөйлеспекші болады. 

Доған роботқа қазақша сұрақ қойып, жауап алмақшы болады. Ал робот әңгіме жанжалға ұласпауы үшін оған бірнеше рет "красавчик" деп, бұл жайтты жылы жаппақшы болады. 

"Мені мақтап керек емес. Қазақша сөйле, ұятың жоқ екен. Атыңды айт, мен сені сотқа беремін", — деп әзілдеді Доған. 

Оның айтуынша, видео екі күн бұрын жазылған. Музейге анасы мен інісімен барған. 

"Бұл Қазақстандағы қалыпты жағдай. Егер адамдар қазақша сөйлемесе, роботтардан не күтуге болады. Өткен жылы керемет көрме өткізді, павильонда технологияларды орыс тілінде таныстырды, ұят болды", — деп бөлісті ол ойымен Sputnik тілшісімен.




Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.