Сарыағаш ауданында 203 балабақша жұмыс істеп тұр

02 Қазан, 2018 1613 0

 Бүгін облыс әкімі Ж. Түймебаев жұмыс сапары соңында Сарығаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Ай-Мейірім» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында салынған балабақшада 75 бала тәрибеленеді. Нысанды салуға және ашуға 178 млн. теңге инвестиция тартылған. Қазір бұл мекемеде 28 адам тұрақты жұмыс істеп жүр. Балабақшаны ашып берген Ж.Қансейітұлы мемлекет тарапынан білім саласына айрықша қамқорлық көрсетіліп жатқанына тоқталып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады. Бүгінде Сарыағаш ауданында 203 балабақша жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта да мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны артады деген болжам бар.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.