Жалаң қолмен балық аулайтын әже

04 Қазан, 2018 1232 0

Ресейдегі Липецк облысындағы ауыл тұрғыны Тамара Татаринцева Дон өзенінен өмір бойы балықты қолмен аулап келеді. Бұл әдіске әбден машықтанып алған кейуана балықты сипап тұрып аулайды. Қолына түскен балықты шалбарының ішіне салып қояды да, келесісін аулауға кіріседі. Сондай-ақ, 80 жастағы әже әлі де жақсы жүзетіндігін айтады. Ұстаған балықтарының біразын өзіне қалдырып, қалғанын көршілеріне үлестіріп береді. 

Дереккөз: www.azattyq.org


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.