Түркістандықтар Елбасы Жолдауындағы тың бастамаларды ерекше ықыласпен қабылдады

05 Қазан, 2018 353 0

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Түркістан облысының тұрғындары тікелей эфирден жаппай тамашалады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Кентау трансформатор зауытында 200-ге жуық адам өндіріс орнында Жолдауды тікелей эфирден көрді. Жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризалықтарын білдірді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының медицина саласының бірқатар өкілдері өз жұмыс орындарында Жолдауды көрсе, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледжде де арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда да колледж мұғалімдері, студенттер, ақсақалдар және түрлі этнос өкілдері Елбасы Жолдауын тыңдады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жұртшылық Жолдауды тамашалап, Елбасы бастамаларына қолдау білдірді.








Пікір қалдыру