Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: отбасы полковниктің қызынан 14 млн теңге сұрады

24 Қазан, 2018 1609 0

Астана қалалық сотында зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Сандинов айыпталушы Малика Мұхитовадан 14 млн 753 мың теңге материалдық шығын өндіруді сұрады, деп хабарлайды newsroom+ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Сотталушы Мұхитова жасаған қылмыс салдарынан мынадай мүліктік зиян келтірілді: оқиға орнында жанып кеткен 2012 жылғы мотоциклдің құны 3 миллион 956 мың теңге, жерлеу рәсіміне кеткен шығын 7,124 миллион теңге, жерлеуді өткізумен байланысты, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеуге қатысуға байланысты кеткен шығын 2, 542 миллион теңге. Келтірілген зиянның жалпы сомасы 14, 752 миллион теңгені құрайды", — деді авдокат.

Пікір қалдыру