Түркиядағы әскери базада жарылыс болды

11 Қараша, 2018 906 0

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккари провинциясында орналасқан әскери базада оқ-дәрілер жарылып, түрік әскерінің 32 әскери қызметкері зардап шекті деп хабарлайды елдің Қорғаныс министрлігінің сайты.

«Апат Хаккаридегі базаларымыздың бірінде болды. Апаттың салдарынан 25 адам жарақаттанды, олар ауруханаға жеткізіліп, ем алып жатыр. Құтқарушылардың күшімен жеті адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводағылар.

Мәлімдеме бойынша, жарылыстың себебі ауыр қару-жарақтың ақаулығынан болған.

Тергеу жүріп жатыр.

Тегтер: Түркия, жарылыс, база, әскери

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.