Анасы талып қалған: Ақтөбелік КВН-шіні өлтіргендердің бірі 15 жылға сотталды

15 Қараша, 2018 1192 0

Ақтауда Ақтөбе КВН құрамасының экс-ойыншысы Данияр Әлімбаевтың өліміне қатысты сот үкімі шықты деп жазады newsroom+ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Іс бойынша үш айыпты бар. Олардың екеуі болған жағдай үшін өкінетінін сотта айтты.

«Сыздықов кісі өлімі үшін айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Төлегенов пен Шортанбаев «Бұзақылық» бабы бойынша айыпталып, екеуі де екі жылға сотталды», – деді Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсесіндегілер.

Сот айыпталушыларды марқұмның отбасына моральдық шығынды өтеуге міндеттеді. Данияр Әлімбаевтың туыстары сот үкімімен келіспей, сотталушыларға бұдан да қатаң жаза тағайындалуы үшін барын салатындарын айтты.

Eске сала кетейік, оқиға 21 шілдеде түнгі уақытта Ақтаудағы мекемелердің бірінде болған. Данияр Әлімбаевтың аяғына біреулер пышақ салған. Дәрігерлер оны құтқара алмады. Жәбірленуші аураханада қайтыс болды. Данияр Әлімбаев отбасын Ақтауға көшіріп алмақ болған. Ол 23 шілдеде Ақтөбеде жерленді. Экс-КВН-шімен қоштасу рәсіміне жүзге жуық адам келді. Желіде оған жасалған шабуылдың видеосы пайда болды.

Данияр Әлімбаев - Ақтөбе КВН құрамасының экс-ойыншысы. Ол Сочиде өткен фестивальда Қазақстанның намысын қорғаған. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.