Отырарда 7500 адам латынша диктант жазды

18 Қараша, 2018 1549 0

Халық арасында латын әліпбиінің қолдану аясын кеңейтіп, елдегі тіл саясатын сәтті жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жалпыхалықтық диктант жазу шарасы Отырар ауданда да жоғары деңгейде өтті. Аталған шараға аймақтан 7500-дей адам қатысты.

Олар бір мезетте латын әліпбиінің жаңа нұсқасында диктант жазды. Латын қаріпімен мәтін жазғандар арасында мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдер және жастар бар.

Олар алдымен диктант мәтінін аудио жазба арқылы тыңдап кейін қағаз бетіне түсірді. Соңында олардың жазбаларындағы қателік алфвиттегі әріптермен салыстырмалы түрде тексерілді. Жалпыхалықтық диктант жазу шарасына қатысушылардың айтуларынша әліпбидің соңғы нұсқасы жазу үшін қолайлы.

Оған дикант жазуға қатысқан 7500 азаматтың еш қиналмай тапсырманы орындағаны дәлел бола алады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.