Түркістанда азық-түлік бағасы бақылауда

14 Қараша, 2018 652 0

Түркістанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті биліктің пәрменімен қаланың 4 нүктесінде азық-түлік тауарлары арзан бағада саудалануда. Бағаны тұрақтандыру қорымен бірлесе атқарған жұмыстар қала тұрғындарын қуанышқа бөлеп отыр. Бұл туралы newsroom+ порталы өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Эльмира Артықбаева – Түркістан қаласының тұрғыны

Бүгін осы базарға случаено келіп қалдым, сөйтсем, міні бәрі арзан. Мен мысалы пиязды базардан 100 тиеңгеден аламын, мұнда небәрі 65 теңге деп тұр. Қуанып қалдым көріп, осындай жұмыс істеп жатқан әкімдерге рахмет!

Дана Қалжанова – әлеуметтік дүкеннің сатушысы. Азық-түлік бөлімінің меңгерушісі арнайы қордан алынған тауарлардың сапасының жоғары екенін растап отыр. Бағаны тұрақтандыру қорынан келетін тауардан түсетін табыс та аз емес. Барға қанағат,-дейді.

Дана Қалжанова – сатушы

Мен осы жерде бұрын өзіміз әкеліп сататын тауарлардан қазір әкімшілік әкеліп жатқан тауармен салыстырғанда табыс бірдей. Сапасы да жоғары, халық та риза. Сондықтан біз осылай сауда істеуге қарсы емеспіз.

Қазір жергілікті әкімдік бағаны тұрақтандыру қоры арқылы 19 түрлі азық-түлік тауарына сұраныс жасаған. Күріш, май өнімдерінен бөлек, көніс пен картоп, пияз сынды бақша дақыларына дейін арзан әкелуде. Олар әлеуметтік дүкендерде базар бағасынан 20-25 пайызға арзан саудалануда.

Тәжібек Мұсаев – Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Күз айлары азық-түлік бағасының шарықтайтын шағы.Алып сатарлардың жолын кесу мақсатында жергілікті билік әлеуметтік дүкендердің қатарын арттыруды жоспарлап отыр. Сонда ғана Елбасы айтқандай, тұрғындардың қалтасына салмақ түспейтін болады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.