Түркістандық кітапханалар цифрландыруға бет бұрмақ

22 Қараша, 2018 1049 0

Аймақтағы балалар кітапханаларының қызметкерлері облыс орталығында бас қосты. Түркістандағы Ы.Алтынсарин атындағы орталықтандырылған балалар кітапханасында өткен арнайы семинарға қатысты. Зерделі кеңесте рухани орталық мамандары жылдық жетістікті қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы newsroom+ порталы өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 254 мыңнан астам кітап қоры сақталған. Қазір мамандар осы құндылықтарға электронды чип ендіріп, оқырмандарға қолайлы жағдай тудыруда.

Зоя Бекежанова – Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры

Бұл жерде біз цифрландыруды қолға алып отырмыз.кітаптарды оқырмандарға электронды түрде ұсыну мақсатымыз.

Келелі кездесуге шет ел асып, арнайы жиынға қатысқан мамандар келді. Озық технология жоғары жетістіктерге көз жеткізгендер кітапхана жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Шарипа Жолдасбекова – Сайрам аудандық орталықтандырылған балалар кітапханасының меңгерушісі

Шетелде бәрі дамыған. Кітапты алғанда оны қай оқырман алып жатқанын біліп тұрады. Сосын кітапты өткізу пунктері қалада көп, барып сол жерге тапсырып кете бересің, оқырманға ыңғайлы.

Алмасбек Бегмахан – Мақтаарал ауданының тумасы. 10-сынып оқушысы «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқауда жеңімпаз атанған. Ең көп кітап оқып, топ жарған жеткіншек Астана қаласында өткен ІІІ Халықаралық оқу конгресіне қатысып келген. Алған әсері ерекше.

Алмасбек Бегмахан – оқырман

Балаға ең алдымен ата-ана қамқорлық таныту керкк. Кішкентайынан кітапханаға ертіп бары, кітаптарды алдырып оқытса, жақсы ғой

Кітапхана – қоғамның оң өзгеріске бет алуына мүмкіндік беретін орын. Рухани орталық заманның өзгеруімен жаңарып тұрғаны абзал. Осылай деген кітапханашылар жүйені цифрландыру ісіне белсеніп отыр.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.