Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2,6 пайызға төмендеген

20 Қараша, 2018 787 0

Түркістан облысында 2018 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім көрсеткіші3,8-ді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Сондай-ақ,ана өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың 10 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендеп, республика бойынша облыс 9 орынға тұрақтаған.

«Өңірдегі нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші 8,6-ны құрап,өткен жылменсалыстырғанда 16,2 пайызға төмендеді. 10 айлық нәтижесінің қорытындысы бойынша облыс нәресте өлімі көрсеткіші республикада 6-орында», - деді Мұқан Кеңесбекұлы. Бұдан өзге, кадрлық ресурстар бойынша облыстағы дәрігерлер саны - 4957.

Бұл 10 мың халыққа шаққанда 25,4 көрсеткішті құрайтынын, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында облыстық деңгейде 4350 маман, республикалық деңгейде 1716 маман біліктілігін арттырып, 63 маман Мәскеу, Қазан, Минск, Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларының клиникаларында білімін жоғарылатып, тәжірибе алмасқанын да айтып өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

Бүгінде Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге 100 пайыз қосылған.




Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.