Сүйінші: Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді - СІМ

10 Желтоқсан, 2018 630 0

Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров Қытай территориясынан шыға алмай отырған Қазақстанның 14 азаматы туралы айтты.

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның 14 азаматы әлі күнге дейін Қытайда. Олар әртүрлі себеппен Қытайдан шыға алмай отыр. Біздің консулдар ол азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Қытай тарапымен дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. Қытай тарапы 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді», - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы.




Тегтер: Қытай, шекара, азамат, тұрғын

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.